Ташкентте өткен пара жеңіл атлетикадан ашық турнир мәресіне жетті. Жарысқа Орталық Азия мемлекеттерінен 300-ден астам спортшы қатысты. Ашық чемпионатта еліміздің спортшылары қанжығаға 17 жүлде байлады: 10 «алтын», 4 «күміс» және 3 «қола».
1 орын:
Ерасыл Солтанғали –100 м, 200 м және 400 м (Т37) жүгіруден үш дүркін жеңімпаз;
Салтанат Әбілқасымқызы – 100 м және 200 м жүгіруден (Т35) екідүркін жеңімпаз;
Мұқан Айтмурзаев – найза лақтыру және ядро лақтырудан (F53) екідүркін жеңімпаз;
Дастан Мукашбеков – ядро лақтыру (F36);
Алексей Лукутин – ядро лақтыру (F40);
Равиль Мансурбаев – ядро лақтыру (F46);
2 орын:
Санвар Шахрух –100 м жүгіру (Т46);
Иван Залезняк – ядро лақтыру (F36);
Мұқан Айтмурзаев – диск лақтыру (F53);
Мейіржан Макшат – 400 м жүгіру (T/F-46).
3 место:
Сергей Харламов – 400 м жүгіру (Т36);
Қолғанат Бақберген – найза лақтыру (Т46);
Сергей Харламов – ұзындыққа секіру (Т36).
«Қазақстандық спортшылар ашық чемпионатта сәтті өнер көрсетті. Жарысқа қатысудағы басты мақсат – Әлемдік IWAS ойындарына дайындық болды. Аталмыш жарыс биыл 23-29 қараша аралығында Португалияда спорттың үш түрі бойынша өтеді (жеңіл атлетика, пауэрлифтинг және жүзу)» – деді Дене мүкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Маулен Нәсіпқали.