Пара атлеттер Ташкентте 17 медальға ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара атлеттер Ташкентте 17 медальға ие болды


Ташкентте өткен пара жеңіл атлетикадан ашық турнир мәресіне жетті. Жарысқа Орталық Азия мемлекеттерінен 300-ден астам спортшы қатысты. Ашық чемпионатта еліміздің спортшылары қанжығаға 17 жүлде байлады: 10 «алтын», 4 «күміс» және 3 «қола».

1 орын:

Ерасыл Солтанғали –100 м, 200 м және 400 м (Т37)  жүгіруден үш дүркін жеңімпаз;

Салтанат Әбілқасымқызы – 100 м және 200 м жүгіруден (Т35) екідүркін жеңімпаз;

Мұқан Айтмурзаев – найза лақтыру және ядро лақтырудан (F53) екідүркін жеңімпаз;

Дастан Мукашбеков – ядро лақтыру (F36);

Алексей Лукутин – ядро лақтыру (F40);

Равиль Мансурбаев – ядро лақтыру (F46);

2 орын:

Санвар Шахрух –100 м жүгіру (Т46);

Иван Залезняк – ядро лақтыру (F36);

Мұқан Айтмурзаев – диск лақтыру (F53);

Мейіржан Макшат – 400 м жүгіру (T/F-46).

3 место:

Сергей Харламов – 400 м жүгіру (Т36);

Қолғанат Бақберген – найза лақтыру (Т46);

Сергей Харламов – ұзындыққа секіру (Т36).

«Қазақстандық спортшылар ашық чемпионатта сәтті өнер көрсетті. Жарысқа қатысудағы басты мақсат – Әлемдік IWAS ойындарына дайындық болды. Аталмыш жарыс биыл 23-29 қараша аралығында Португалияда спорттың үш түрі бойынша өтеді (жеңіл атлетика, пауэрлифтинг және жүзу)» – деді Дене мүкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Маулен Нәсіпқали.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seven − 3 =