Сингапурда пара жүзуден Әлемдік серия кезеңі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық пара жүзушілер бір алтын және екі қола медаль ұтып алды.
Зульфия Ғабидуллина кешенді жүзуде 150 м қашықты 3:43.87 уақытымен өтіп, алтын медаль иеленді. Ал 50 м баттерфляйда және шалқалап жүзуде отандасымыз Сиязбек Далиев екі қола медальді еншіледі.
Аталған жарыста еліміздің атынан тағы екі спортшы Диас Кенжебек пен Нұрдәулет Жұмағали қатысты.
Айта кетсек, бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарына қатысу үшін іріктеу жарысы болып табылады. Бұл сайысқа әлемнің 22 елінен 126 спортшы қатысты. Жарыс 17-19 мамыр аралығында өтті.