Бибарыс Спатай пара каноэдан Азия чемпионы атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Бибарыс Спатай пара каноэдан Азия чемпионы атанды


Пара каноэдан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Бибарыс Спатай (КL2 санаты) 500 м қашықтықты 2:01,07 секундта бағындырып, жеңіске жетті. Мәреге екінші болып өзбекстандық Азизбек Абдулхабибов 2:08,30 секундта жетті, ал үндістандық спортшы  Котиа Санжиев 2:12,55 уақытымен үшінші орынды еншіледі.

Сондай-ақ, жарыста қазақстандық Жалғас Тайкенов (КL3 санаты)  пен Жаныл Балтабаева (VL3 санаты)  500 м қашықтықта  қос күміс медельді жеңіп алды.

Айта кетсек, пара каноэдан Азия чемпионаты Самарқан қаласында  (Өзбекстан) 26-30 сәуір аралығында өтуде. Жарысқа 8 мемлекеттен 80-ге жуық спортшы қатысуда.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

7 + five =