ХХ-шы қысқы Сурдлимпиада ойындары: шахматшылар турнирдің үздік бестігінде – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ХХ-шы қысқы Сурдлимпиада ойындары: шахматшылар турнирдің үздік бестігінде


Түркияның Эрзурум қаласында өтіп жатқан XX-шы қысқы Сурдлимпиада ойындарында ел құрамасы сапында шахматтан 13 спортшымыз өнер көрсетуде.

Жарыстың алғашқы күнінде  ерлер мен әйелдер құрамалары жекелей және командалық блиц және рапидтен аралас жұптық ойындарды өткізді.

«Біздің спортшылар жарысты блиц дисциплинасынан бастады. Ерлер арасында Самажан Кеттебеков 4 орыннан көрінді. Ал, рапидтен Қазақстан командасы 5-ші орын алды. Қазіргі таңда спортшыларымыз классикалық стильден ойындар өткізуде. Бүгінгі күнге дейін 3 тур өткіздік. Ерлер командасы алғашқы ойынын Хорватия командасына 2.5:1.5 есебімен есе жіберсе, 2-ші турда Түркия командасын 4:0 есебімен, 3-ші турда Германия командасын  1.5:2.5 есебімен жеңді. Ал, әйелдер командасы 3 турдың нәтижесі бойынша Бразилия мен Түркия командасын жеңіп, Украина командасына есе жіберіп алды. Алдымызда әлі 4 тур бар. Ертең ерлер Польша командасымен әйелдер Түркия және Индия командаларымен сыңға түседі», – деді ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Елдос Кузербаев.

Ұлттық құрама сапында 2019 жылы Италияда өткен қысқы Сурдлимпиада ойындарының шахматтан чемпионы Виктор Максименко бар.

«Осы қысқы Сурдлимпиада ойындарында әлемнің мықты командалары жиналды. Қарсыластар бірінен соң бірі асады. Бірақ біздің спортшыларда осал емес. Барлығымызда тең мүмкіндік бар. Мында ең бастысы психологиялық тұрғыдан мойымай, ойынға бар зейінді салу. Бүгін міне классикалық стильтдегі ойында біз екі команданы ұттық. Осы екпінмен жалғастыратын болсақ, жүлделі орындардан көрінетін боламыз», – деді Виктор Максименко.

Айта кетсек,  қысқы Сурдлимпиада ойындарында шахматтан 13 командадан 100-ден астам спортшы қатысып жатыр. Классикалық стильдегі ойындар 12-ші наурызға дейін жалғасады.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen + fourteen =