Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен әлем кубогында 5 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен әлем кубогында 5 медаль жеңіп алды


Дубайда пара пауэрлифтингтен әлем кубогында қазақстандық спортшылар 2 «алтын» және 3 «қола» медаль еншіледі.

Жастар арасында 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Зарина Ашир 63 кг салмақты бағындырып, алтын медальді жеңіп алды. Сонымен қатар, жарыста  үш тәсілдің қортындысы бойынша 123 ұпайды жинап, Зарина 2-ші алтынды қанжығасына байлады.

Ересектер арасында 50  келіге дейінгі салмақта  Айжан Беримкулова  үш тәсілдің қортындысы  бойынша 166 ұпаймен  3 орынға ие болды.

Ерлер арасында Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 171 кг нәтижесімен 3 орын және үш тәсілдің қосынды сомасы бойынша 3 орынды иеленді.

Сондайқ-ақ, Данагүл Есжанова 46 келіге дейінгі салмақта 6-шы орын,  Ерболат Карибай 49 келіге дейінгі салмақта 7-ші орын және Асхат Жуманов 88 келіге дейін салмақта 10-шы орыннан көрінді.

Айта кетсек, пара пауэрлифтингтен әлем кубогы Дубай қаласында 28-ші ақпан мен 6-шы наурыз аралығында өтті. Жарысқа 33 мемлекеттен 180-нен астам  спортшы қатысты. Ұлттық құрама сапында 6 спортшы өнер көрсетті.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fifteen + 1 =