ХХ-шы қысқы Сурдлимпиада ойындары: шаңғы спортынан жарыстар өз мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ХХ-шы қысқы Сурдлимпиада ойындары: шаңғы спортынан жарыстар өз мәресіне жетті


Бүгін  қысқы Сурдлимпиада ойындарының шаңғы спортынан жарыстар аяқталды. Байрақты бәсекеде ел құрамасы тарапынан 5 спортшы өнер көрсетті.

Ерлер және әйелдер құрамалары классикалық стиль, спринт, еркін стиль және эстафеталық дисцплиналар бойынша сыңға түсті.

«Үш спортшымыз үшін бұл кезекті сурдлимпиада ойындары болса, екі спортшымыз үшін алғашқы ойындар болды.  Ерлер арасында Владислав Гришин 10 км қашықтықта 4-ші орын, 1.3 км спринт және 15 км қашықтықта 6-шы орын алса, 1.6 км қашықтығында командалық жұптық спринтте Павел Мельниковпен бірге 4-ші орын алды. Ал, Давид Орынбеков 10 км қашықтықта 9-шы орын  және 15 км қашықтықта 8-ші орыннан көрінді. Әйелдер арасында Анастасия Соловьева   5  км қашықтықта 7-ші болып келсе, спринтте 6-шы орынға және 10 км еркін стильде 7-ші орынға табан тіреді. Жұптық командалық спринтте Елена Путинцевамен бірге 4-ші орынды көрсетті. Жарыста ең жас спортшылардың бірі  2007 жылғы Владислав Гришин болды. Жас спортшыларымздың әліде алар асулары бар, алдағы жарыстарға  тек тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдау қажет», – деді шаңғы спортынан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Сергей Щербаков.

Айта кетсек, ХХ-шы қысқы Сурдлимпиада ойындарында шаңғы спорты бойынша Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Франция және Украина  мемлекеттерінен 30-ға жуық спортшы қатысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 + 3 =