Қазақстандық пара спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері


Пара оқ ату: Қазақстандық пара спортшы Еркін Ғаббасов пара оқ атудан Нью Делиде өткен Әлем кубогында екінші орын алып, Париж-2024 Паралимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Еркін R1 дисциплинасының финалында ол 246,8 ұпаймен жарыстың күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Пара биатлон: Канаданың Принс-Джорж қаласында өткен пара биатлоннан әлем чемпионатында Ербол Хамитов күміс жүлдегер атанды. Ол суперспринт қашықтығында 12:23.2 уақытымен мәреге жетті. Ал, Александр Герлиц  суперспринт дисциплинасында 4-ші орыннан көрінді.

Пара пауэрлифтинг:  Дубайда өткен әлем кубогында қазақстандық спортшылар 5 медаль жеңіп алды. Жастар арасында 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Зарина Ашир 63 кг салмақты бағындырып, алтын медальді жеңіп алды. Сонымен қатар, жарыста  үш тәсілдің қортындысы бойынша 123 ұпайды жинап, Зарина 2-ші алтынды қанжығасына байлады.

Ересектер арасында 50  келіге дейінгі салмақта  Айжан Беримкулова  үш тәсілдің қортындысы  бойынша 166 ұпаймен  3 орынға ие болды.

Ерлер арасында Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 171 кг нәтижесімен 3 орын және үш тәсілдің қосынды сомасы бойынша 3 орынды иеленді.

Пара жеңіл атлетика: «Tunis» пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында қазақстандық спортшылар 11 медаль еншіледі.

Жарыста Равиль Мансурбаев ядро итеруден, Павел Сидорчук найза лақтырудан алтын медаль еншіледі. Диск лақтырудан Мұкан Айтмырзаев  пен Тендык Щербакова күміс жүлдегер атанды. Ал қола жүлде 100 м жүгіруден Салтанат Әбілхасымқызы, ұзындыққа секіруден Ислам Салимов, диск лақтыру мен ядро итеруден Светлана Иржанова, ядро итеру, найза лақтыру мен диск лақтырудан Мұқан Айтмырзаевқа және ядро итеруден Тендык Щербаковаға бұйырды.

 

Пара үстел теннисі: Италияда пара үстел теннисінен өткен Fa 20 лицензиялық турнирінде Али Махулбеков пен Алтынай Ержанқызы XD17 классында аралас жұптық разрядта өнер көрсетіп, жарыстың қола жүлдегерлері атанды.

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × 5 =