Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған Спартакиада өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған Спартакиада өтті


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен бүгін «Сарыарқа» велотрек кешенінде мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған Спартакиада өтті.

Ойындарға министрлік және оған бағынысты ұйымдар қатысты. Бұл спорттық шарада Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы (Бұдан әрі – Орталық) атынан өнер көрсеткен қызметкерлер жүлделі орындарға ие болды.

Жүзу жарысында сынға түскен Орталықтың қызметкерлері Татьяна Богословская мен Мерей Бигарин командалық есепте бірінші орын алды. Ал арқан тартуда күш сынасқан ерлер құрамы және волейболдан өнер көрсеткен Орталықтың командасы екінші орыннан көрінді.

Спартакиаданың басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерді өзара ынтамақтастығын нығайту, ұжымдық рухты көтеру және бұқаралық спортты насихаттау.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

14 + one =