НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ


Нұр-Сұлтан қаласында «Qazaqstan» жеңіл атлетика манеж кешенінде есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының   чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің өңірлерінен келген  120-ға жуық спортшы бақ сынады. Жарыстың басты мақсаты – биылғы жылдың 1-15 мамыры аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтетін 24-ші Сурдлимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды іріктеу.

Чемпионаттың бағдарламасы бойынша спортшылар  60 м, 200 м, 400 м, 800 м, 1500 м, және 3000 метр қашықтықта жүгіру, эстафеталық жүгіру, ұзындыққа секіру, ядроны лақтыру, үш қарғып секіру, биікке секіру, спорттық жүріс сынды дисциплиналарда өнер көрсетті.

Чемпионатты  Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының сурдлимпиадалық спорт түрлерінің бас жаттықтырушысы  Максим Рожков басқарды.

Жарыстың  қортындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар мен спортышлар марапатталды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Мәдениет және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төраға орынбасары Байжанов Бекболат Құстүтінұлы қатыстып, қатысушылар мен жеңске жеткен спортшыларды құттықтады. Сондай-ақ, «Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры Қасқырбаев Марат Дайырұлы да қатысып, спортшыларды марапаттады.

Жарыстың қортындысы турылы толық ақпаратты осы батырма  арқылы көруге болады

previous arrow
next arrow
Slider

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 − 11 =