СЕМЕЙДЕ ӨТКЕН ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

СЕМЕЙДЕ ӨТКЕН ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ


Семейде көру қабілеті және тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек спортшылар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыс 10-17 наурыз аралығында өтті. Оған еліміздің 12 облысынан 50-ге жуық спортшы бақ сынады. Аталған турнир Семей қаласында тұңғыш рет өтті.

Чемпионаттың басты мақсаты – спорттық шеберлікті арттыру, мықты спортшыларды анықтау, Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем және Азия кубогының кезеңдеріне, ірі халықаралық жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасын жасақтау болып табылады.

Жарыс «Швейцариялық» жүйе бойынша ерлер мен әйелдер арасында өтті. Ол 9 турдан тұратын және 7 ойын күнінен болды. Жеңімпаздар жеке кездесу нәтижелері бойынша, ең жоғарғы ұпай саны бойынша, «прогресс» коэффициенті жүйесі  бойынша және «Бухгольц» коэффициенті бойынша анықталды.

 

Зағип спортшылар санатындағы ойындардың нәтижелері (В1 ерлер):

1 орын – Мақсұт Жұмабеков (Алматы қаласы);

2 орын – Болат Қабыжанов (ШҚО);

3 орын – Әбдурашид Әлімханов (Жамбыл облысы).

 

Көру қабілеті төмен спортшылар санатындағы ойындардың нәтижелері (В2 ерлер):

1 орын – Серік Маклушов (Алматы облысы);

2 орын – Юрий Бибиков (Алматы облысы);

3 орын – Мурат Жунусов (Карағанды облысы).

 

Көру қабілеті төмен спортшылар санатындағы ойындардың нәтижелері (В2 әйелдер):

1 орын – Алма Махамбетова (Алматы облысы);

2 орын – Тамара Литвиненко (Павлодар облысы);

3 орын – Назира Кұрмашева (Алматы қаласы).

 

ТҚАЗ спортшылар санатындағы ойындардың нәтижелері (ерлер):

1 орын – Серік Сұлтанов (Павлодар облысы);

2 орын – Марат Қожамұратов (Шымкент қаласы);

3 орын – Аділ Саулембеков (Түркістан облысы).

 

ТҚАЗ спортшылар санатындағы ойындардың нәтижелері (әйелдер):

1 орын – Әсемгүл Габдуллина (Атырау  облысы);

2 орын – Ольга Подгорбунская (Алматы облысы);

3 орын – Вера Приданова (Жамбыл облысы).

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 + 3 =