ПАРА-АРМРЕСТЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ПАРА-АРМРЕСТЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ


Өткен аптада, яғни 14-19 наурыз аралығында Алматы облысының Талғар қаласында пара-армрестлингтен  Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық аймағынан 250-ге жуық спортшы қатысты.

Чемпионаттың басты мақсаты – спорттық шеберлікті арттыру, мықты спортшыларды анықтау, Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем және Азия кубогының кезеңдеріне, ірі халықаралық жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасын жасақтау болып табылады.

Жарыс ерлер мен әйелдер арасында, сондай-ақ жастар арасында  келесі класстар арасындағы салмақ дәрежелері бойынша өтті:

PID – кластағы ерлер арасында 55,65,75, +75 кг және әйелдер арасында 65, +65 кг дәрежедегі салмақта;

PIU – кластағы ерлер арасында 60,70,80,90, +90 кг және әйелдер арасында 65, +65 кг дәрежедегі салмақта;

VI – кластағы ерлер арасында 60,70,80,90,100, +100 кг және әйелдер арасында 60, 70, +70 кг дәрежедегі салмақта;

HI – кластағы ерлер арасында 60,70,80,90,100, +100 кг және әйелдер арасында 60, 70, +70 кг дәрежедегі салмақта;

PIDH – кластағы ерлер арасында -85, +85кг дәрежедегі салмақта сол қолмен бөлек  және он қолмен бөлек.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Алматы облысы, екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы, үшінші орынды Жамбыл облысының командасы иеленді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

6 + five =