Оралда жастар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Оралда жастар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен жастар арасында тоғызқұмалақтан  Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Батысы Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Алматы облыстарынан 50-ге жуық спортшы жиналды. Қатысушылар жекелей кездесу ойындары бойынша  бақ сынауда.

«Жарыстың басты мақсаты, ұлттық ойынды жастар арасында кеңінен дәріптеу, насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру. Жастардың ой-өрісін, санасын шынықтыру мен спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру», – дейді аға жаттықтырушы Нұржан Қонарбаев.

Айта кетсек, наурыздың 25-нен бастау алған чемпионаттың қортындысы 31 наурызда белгілі болмақ.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

13 − six =