Пара дзюдодан әлем чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан спортшылары 4 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара дзюдодан әлем чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан спортшылары 4 медаль жеңіп алды


Бакуде өткен пара дзюдодан әлем чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан қоржынына 2 «алтын» және 2 «қола» жүлде түсті.

Казақстанға алғашқы алтынды J-2 -48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек сыйлады. Ақмарал финалда Францияның спортшысы Ауриерес Мартинет Сандринмен кездесіп, иппонмен таза жеңіске жетті.

Елімізге екінші алтынды 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерғали Шамей әкелді. Ол финалдық белдесуде неміс спортшысы Сасс Леннартті 1:0 ұпайымен жеңіп, бірінші орынға ие болды.

Ал қазақстандық пара дзюдошылар Даяна Федосова ( -57 кг) мен Олжас Оразалыұлы (-73 кг) әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетейік, пара дзюдодан әлем чемпионаты Бакуде 8-11 қараша аралығында өтуде. Жарыста 41 мемлекеттен 270 спортшы сынға түседі.  Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғайды.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three × one =