Пара оқ атудан Әлем кубогі өтуде – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара оқ атудан Әлем кубогі өтуде


6-12 маусым аралығында Францияның Шатору қаласында пара оқ атудан әлемдік кубок өтуде. Жарыста 50 мемлекеттің 270 спортшысы өнер көрсетеді. Бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алу үшін квалификациялық жарыс болып келеді.
Әлімдік кубокта Қазақстан тарапынан 4 спортшы қатысады :
1. Жұмабаева Айсұлу;
2. Жылқышынов Айдос;
3. Махаева Бигайша;
4. Пасхалиди Александр.

«Қазір Францияда пара оқ ату спорт түрінен аса маңызды жарыс өтіп жатыр. Жарыста әлемнің үздік спортшылары жиналып, бақ сынауда.Еліміздің спортшылары командалық және жекелей сайыстарда өнер көрсетіп жатыр. Турнирдің алғашқы күніен бастап жарыс тартысты өтуде. Осы байрақты бәсекеде ел спортшылары жүлделі орынмен қайтады деп сенеміз», -деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Сұлтанбек Қаби.

Жарысқа спортшылар басты серіктес «SportQory» қолдауымен қатысуда.

Жарыстың тікелей көрсетілімін келесі сілтеме арқылы тамашалауға болады https://www.facebook.com/shootingparasport
Спортшылармызға сәттілік тілейміз!


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × four =