Қазақстандық пара жүзуші Азия рекордын орнатты – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара жүзуші Азия рекордын орнатты


Қазақстандық пара жүзуші, Токио – 2020 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері   Нұрдаулет Жұмағали  әлем чемпионатында  Азия рекордын орнатты. Ол чемпионаттың жартылай финалында брасс әдісімен жүзуден  100 м қашықтықты 1:04.49 уақытта бағындырды.  Финал бүгін Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат  00.00-де өтеді.

Айта кетсек, пара жүзуден әлем чемпионаты маусым айының 8-18 аралығында  Португалияның Фуншал қаласында өтуде. Жарысқа 60 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатыспақ. Әлем чемпионатында ел намысын төрт спортшы қорғайды: Нұрдаулет Жұмағали, Сиязбек Далиев, Андрей Афанасьев және Нұрғали Советканов.

Жарысқа спортшылар басты серіктес «SportQory» қолдауымен қатысуда.

Спортшыларға сәттілік тілейміз!

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

10 + 5 =