Пара пауэрлифтингтен әлем кубогында қазақстандық спортшылар 4 «алтын» және 1 «қола» жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара пауэрлифтингтен әлем кубогында қазақстандық спортшылар 4 «алтын» және 1 «қола» жеңіп алды


Қазақстандық Давид Дегтярев -54 кг салмақ дәрежесінде 175 келіні бағындырып, алтын медальға ие болды. Сондай-ақ, жаңа ереже бойынша үш тәсілдің ұпай сандарының қосындысына сәйкес (510 кг) ол турнирде екінші алтын медальді жеңіп алды.

Жастар арасында -49 кг салмақта өнер көрсеткен Фархат Мутунов 70 келі салмақты еңсеріп және үш тәсілілінің қосындысы бойынша жоғарғы ұпай (130 кг) көрсетіп, қос алтын медальға ие болды. Ал 72 кг дейінгі салмақта Медет Жунусов ұпай сандарының қосындысымен  (423 кг) қола медальді еншіледі.

Айта кетсек, пара пауэрлифтингтен «14th FaZZA» әлем кубогы Дубай қаласында 10-19 желтоқсан аралығында өтті. Жарысқа 34 мемлекеттен 170-тен астам спортшы қатысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 + 8 =