Пара таеквондодан ел біріншілігі басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара таеквондодан ел біріншілігі басталды


Тараз қаласында ерлер мен әйелдер арасында пара таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Чемпионат маусым айының 1-4 аралығында өтеді. Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 37 спортшы қатысады.

«Жыл сайын спортшылардың біліктілі мен деңгейі артып келеді. Осы жарыстардың нәтижесі бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар Азия Чемпионатына жолдама алады. Спортшылардың дайындығын жоғары бағалаймын», – деді пара теквондодан команда басшысы Мерей Бигарин.

Айта кетсек, бірінші рет Қазақстан чемпионаты «DAEDO» электронды төрешілік жүйесінде өтеді. Электронды жүйе нақты жарыс нәтижесін аңықтау мақсатында қолданылады.  Жүйе соққының күші мен дәлдігін көрсетеді.

Жүйе әлемдік практикада кеңінен қолданылады. Ең алғаш рет 2008 жылы Кореяда қолданысқа еңгізілді.

Жарыс басты серіктес «SportQory» қолдауымен өтуде.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 − 3 =