Паралимпиада ойындарының жүлдегері Александр Герлиц «Жыл патриоты» атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Паралимпиада ойындарының жүлдегері Александр Герлиц «Жыл патриоты» атанды

2022 жылдың 4-ші маусымында Нұр-Cұлтан қаласында Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдық мерейтойына арналған республикалық патриоттар форумы өтті.  Шара барысында биыл үлкен жетістікке жеткен қазақстандықтар «Жыл патриоты» номинациясы бойынша марапатталды. 

Оның ішінде отандық спорт саласын дамытудағы ерекше еңбегі үшін Пекин-2022 қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц «Жыл патриоты»  атанды. 

 

«Бұл мен үшін үлкен абырой. Осындай құрмет көрсетіп, жыл патриоты атағын берген халқыма үлкен алғысымды білдіремін.  Мен елімнің нағыз патриотымын. Елімді жақсы көремін, сыйлаймын. Паралимпиада ойындарында көк байрағымыз көтерілген кезде төбем көкке жетті. Осылай халықаралық жарыстарда еліміздің абыройы өсіп,туымыз биіктен көріне берсін!», – деп қуанышымен бөлісті Александр Герлиц. 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

6 + twenty =