Пара таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті


Тараз қаласында 1-4 маусым аралығында өткен ерлер мен әйелдер арасында пара таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 37 спортшы қатысты.

Ерлер арасындағы  +80 кг салмақтағы нәтижесі:

1 орын – Өмірәлі Нышан;

2 орын – Гариполлаев Алишер;

3 орын – Пірназаров Марат;

3 орын – Мамыров Жәнібек.

 

Ерлер арасындағы  -58  кг салмақтағы нәтижесі:

1 орын – Айдарбеков Нысанбек;

2 орын – Ақтілеуов Нышанбек;

3 орын – Есқалиев Руслан;

3 орын – Марденов Ринат.

 

Ерлер арасындағы  -63  кг салмақтағы нәтижесі:

1 орын – Көшербаев Бауыржан;

2 орын – Жұманғали Айбек;

3 орын – Суесинов Кайдос;

3 орын – Дінмухаммед Асқар.

 

Ерлер арасындағы  -70  кг салмақтағы нәтижесі:

1 орын – Казиев Жанболат;

2 орын – Жұмақан Нұрбек;

3 орын – Ержанов Жұмағали;

3 орын – Зобнев Платон.

 

Ерлер арасындағы  -80  кг салмақтағы нәтижесі:

1 орын – Домбаев Нұрлан;

2 орын – Турдалин Темурлан;

3 орын – Туркеев Азамат;

3 орын – Мухитдинов Калкен.

Сондай-ақ Рахметалиев Кенжебек (+80 кг), Капбасов Серікбай (-63 кг),  Далиев Сиязбек (-70 кг) және Мукашев Малик (-80 кг) бірінші орйынға ие болды.

Әйелдер арасында Красавцева Милана (-47 кг) мен Досмалова Кәмиля (-57 кг) жеңімпаз атанды.

Айта кетсек, Қазақстан чемпионаты бірінші рет «DAEDO» электронды төрешілік жүйесімен  өтті. Электронды жүйе нақты жарыс нәтижесін аңықтау мақсатында қолданылады.  Жүйе соққының күші мен дәлдігін көрсетеді. Жүйе әлемдік практикада кеңінен қолданылады. Ең алғаш рет 2008 жылы Кореяда қолданысқа еңгізілді.

Жарыс басты серіктес «SportQory» қолдауымен өтті.

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × 1 =