Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі аяқталды


Нұр-Сұлтан қаласында маусымның 1-5 аралғында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасы чемпионатының 1 кезеңі өтті. Жарысқа еліміздің 8 өңірінен 80-ге  жуық спортшы қатысты.

Чемпионаттың 1 кезеңінің қортындысы бойынша:

1 орын –  Атырау облысы;

2 орын – Қызылорда облысы;

3 орын – Маңғыстау облысы.

Аталмыш жарыстың келесі кезеңдері қыркүйек және қараша айларына жоспарланған.

«Елордада Қазақстан чемпионаты жоғарғы деңгейде өтті. Бұл  чемпионат жыл сайын өткізілетін шара. Шара барасында ойыншылардың дайындығы артып, ойын сапасының жоғарлағанын байқауымызға болады. Мысалға алсақ, осы жолы  Қызылорда және Маңғыстау облыстарының спортшылары ерекше көзге түсіп, жақсы өнер көрсетті. Бұған дейін ұлттық құрама қатарында көбінесе Атырау облысының спортшылары болса, қазір басқа өңірлердің  спортшыларымен толығуда.  Осының әсерінен ұлттық құраманың деңгейі өсіп келе жатқаның айтуға болады. Алдыда Нидерландыда халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы лайықты өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенемін», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Ерлан Дусмаилов.

Жарыс басты серіктес «SportQory» қолдауымен өтті.

Айта кетсек, волеболды отырып ойнаудан Қазақстан құрама командасы  Нидерландының Ассен қаласында 1-3 шілде аралығында өтетін халықаралық турнирге қатысады.

Қазақстан құрмасына сәттілік тілейміз!

Елге  жүлдемен оралуға тілектеспіз!


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

twelve − six =