Париж-2024 Паралимпиада ойындарына 145 күн қалды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Париж-2024 Паралимпиада ойындарына 145 күн қалды


Бүгін Париж-2024 Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық штабы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің өкілдерімен жиын өткізді.
Кездесуде ұлттық құрама спортшыларының ағымдағы жағдайы, делегацияның жоспарлы құрамын қарау, қаржыландыру мен басқа ақпараттық ұйымдастырушылық дайындық мәселелері талқыланды.
«Қазіргі таңда паралимпиада ойындарына дейін пысықтайтын мәселелер көп. Дегенмен атқарылып жатқан дайындық жұмыстары да аз емес. Пара спортшыларымызға лайықты көңіл бөлініп, жан-жақты жағдайлар жасалуында. Штаб пара спортшыларға барынша қолдау көрсетіп, ұйымдастырушылық жұмыстарын жалғастыруда», – деді штаб басшысы Елсияр Қанағатов.

Айта кетсек, 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары биыл 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Жарысқа әлемнің 184 елінен 4000 мыңнан астам спортшы қатысып, 22 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Осы уақытқа дейін паралимпиадашылар 11 лицензия жеңіп алды:  волейболды отырып ойнаудан ерлер құрамасы – 1, пара жеңіл атлетика бойынша ядро лақтыру – 1, пара жүзу – 3, пара каноэ – 1, пара пауэрлифтинг – 1, пара таеквондо – 3, пара оқ ату  – 1.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five × 1 =