Қазақстандық пара дзюдошылар әлемдік Гран-при жарысында 4 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара дзюдошылар әлемдік Гран-при жарысында 4 медаль жеңіп алды


Анталия қаласында пара дзюдодан әлемдік Гран-при жарысы өз мәресіне жетті. Жарыста қазақстандық спортшылар 4 медаль еншіледі.

Ерлер арасында J2 санатында +90 келі салмақта Жұрқамырза Шүкірбеков финалдық белдесуде түркиялық спортшы Ибрахим Болукбашты жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. Ал үшінші орынға Ұлыбритания мен Өзбекстан спортшылары тұрақталды.

Отандасымыз Ерғали Шамей J1 санатында -73 келі салмақта ОАР спортшысын жеңіп, қола жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында J2 +70 келі салмағында қазақстандық Зарина Раифова   күміс жүлдеге ие болса, J2 -57 келі салмақта Даяна Федосова қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, әлемдік Гран-при жарысы 1-2 сәуір аралығында өтті. Жарысқа 41 мемлекеттен 178 спортшы қатысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × 5 =