«PyeongChang2018» қысқы Паралимпиялық ойындарында ту ұстаушы Қайрат Қанафинге Пхенгчхандағы ойындардың ашылу салтанатында еліміздің жалауын көтеру құрметі бұйырды. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

«PyeongChang2018» қысқы Паралимпиялық ойындарында ту ұстаушы Қайрат Қанафинге Пхенгчхандағы ойындардың ашылу салтанатында еліміздің жалауын көтеру құрметі бұйырды.


Сочи-2014 Паралимпиада ойындарының қатысушысы 42-жасар Қайрат Қанафин Петропавл қаласынан, механизатор болып жұмыс атқарған, 1997 жылы өндірістік жарақат алған соң 1-топтың көруі нашар мүгедектігін алды. Сол себепті атлет жарыстарға спортшы-гид Антон Ждановичтің сүйемелдеуімен қатысады.

Қайрат жаттығуды 2001 жылы Якушевтің жетекшілігімен бастады, 2013 жылдан бастап Иван және Мария Дробязколардың жетекшілігімен жаттығып жүр. Оның осы маңызды миссияны орындап шығатындығына сенімдіміз.

 Пхенчхандағы биыл өтіп жатқан паралимпиялық ойындар, кейбір атлеттердің аталған ойындарға алғаш қатысып жатқандығына қарамастан паралимпиялық құраманың атлеттері үшін маңызды болып табылады. Кейбір спортшылар үшін бұл спорт жолындағы екінші ойындары. Мәселен, Жаңыл Балтабаева, Қайрат Қанафин, Александр Колядин және Сергей Усольцев Сочи-2014 ойындарына қатысқан болатын. Ал Сергей Усольцев 2014 жылы Афина қаласында өткен жазғы паралимпиялық ойындарға қатысу мүмкіндігіне ие болды (жеңіл атлетика), қазір ол қысқы құраманың құрамында қатысуда. Спортшылар әлем кубоктарының кезеңдерінде жарыстық және спорттық тәжірибе жинап, төртжылдықтың басты ойындарына бар жігерлерімен дайындалды. Пхенгчхандағы ойындарда біз оларға тамаша нәтижелер, рух күшін және екінші тыныстың ашылуын тілейміз. Ең мықтылар жеңіске жетсін!

Еске сала кетсек, биылғы жылы Пхенгчханда паралимпиада медалінің 80 жиынтығы ойнатылады. Ойын бағдарламасында – 6 спорт түрі бойынша (тау-шаңғы спорты, биатлон, шаңғы жарыстары, следж-хоккей, сноуборд, арбадағы кёрлинг) жарыстар өтеді. Биылғы жылы елімізді «Pyeongchang2018» XII қысқы паралимпиялық ойындары» шеңберінде Пхенгчхандағы масштабты әлемдік спорт алаңында еліміз атынан абыроймен қатысатын Қазақстанның паралимпиялық спортшылары үшін 9 лицензия бекітілді және алынды.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × one =