XII қысқы Паралимпиялық ойындары Пхенчхан (Оңтүстік Корея) 2018 ж. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

XII қысқы Паралимпиялық ойындары Пхенчхан (Оңтүстік Корея) 2018 ж.


2018 жылғы қысқы Паралимпиялық ойындары (ресми атауы — XII Паралимпиялық қысқы ойындар) Пхёнчхан қаласында (Оңтүстік Корея) 2018 жылдың 9-18 наурыз аралығында өтеді.

Жарыс түрлері

Ойындарға 670 спортшы қатысады. Ойын бағдарламасында – 6 спорт түрі бойынша (тау-шаңғы спорты, биатлон, шаңғы жарыстары, следж-хоккей, сноуборд, арбадағы кёрлинг) жарыстар өтеді.

Биыл Пхенчханда паралимпиада медалінің 80 жиынтығы ойнатылады. Бұл 2014 жылы Сочиде өткен паралимпиадамен салыстырғанда 8 медаль жиынтығына артық. Медальдар санының артуы сноуборд түрінде болды, биылғы паралимпиада ойындарында осы спорт түрінде 10 медаль жиынтығы ойнатылады (оның ішінде үш класта 6 ерлер жиынтығы және екі класта 4 әйелдер жиынтығы), салыстырмалы алғанда 2014 жылғы Сочидегі ойындарда 2 медаль жиынтығы ойнатылды (1 ер және 1 әйел). Сондай-ақ арбадағы кёрлингте жарысатын командалар саны 10-нан 12-ге артты.

Қазақстан «PyeongChang2018» қысқы ойындарында шаңғы жарысы және биатлон тәрізді спорттың 2 түрі бойынша қатысады.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

13 + fourteen =