Қазақстандық пара дзюдошылар Токиода әлемдік Гран-Приде 4 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара дзюдошылар Токиода әлемдік Гран-Приде 4 медаль жеңіп алды


Бүгін, 4 желтоқсанда пара дзюдодан Гран-При жарысының алғашқы күнінде еліміздің спортшылары 1 «алтын», 2 «күміс» және 1 «қола» медаль еншіледі.

Әйелдер арасында 48 кг дәрежесінде өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек (J2), ақтық сында әзірбайжандық Шахана Гаджиеваны таза жеңіспен ұтып, алтын медальға ие болды. Ал Даяна Федосова (J2) 57 кг салмақтағы финалдық белдесуде өзбекстандық Кумушхон Ходжиеваға есе жібіріп, күміс жүлдеге ие болды.
Ерлер арасында 73 кг салмақта Олжас Оразалыұлы (J2) финалда жапондық палуан Сетто Юджироға есе жіберіп, күміс медальді еншіледі. Ал, 73 кг салмақта Ерғали Шамей (J1) үшінші орынға таласта осы салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Асылан Нұрдаулетовты жеңіп, қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, Жапонияда 4-5 желтоқсан аралығында пара дзюдодан Токио-2023 Гран-При жарысы өтуде. Турнирге 46 мемлкеттен 181 спортшы қатысуда. Қазақстан құрамында 18 спортшы өнер көрусетуде.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

12 + 16 =