Қазақстандық сурдо-дзюдошылар әлем чемпионатында үздік үштіктен көрінді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық сурдо-дзюдошылар әлем чемпионатында үздік үштіктен көрінді


Өткен сенбі күні Францияның Версаль қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды.

«Бетпе – бет» бағдарламасы бойынша командалық жарыста  әйелдер құрамасының 6 дзюдошысы бақ сынасып үздік үштіктен көрінді.

Жарыста 57 келі салмақта Лязат Бахтиярова мен Эвелина Егембердиева, 70 келіде Әсел Мақсұтова мен Анар Исабекова, ал Анна Краморова мен Ольга Гараева 70 келі салмақтан жоғарғы дәрежеде өнер көрсетті.

Бұл сайыста бірінші орын Украина командасына бұйырды. Екінші орынды RСDS (Ресей) дзюдошылары иеленді.

Айта кетсек, дүбірлі додаға әлемнің 26 елінен 150-ден астам спортшы қатысқан.

Жарыс қортындысы бойынша, ерлер командасының жеке жекпе-жектерінің нәтижелерін қосқанда  Қазақстан құрамасы 8 қола медальға қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, аталған чемпионатта бұған дейін 60 және 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық дзюдошылар Әлдібек Нұрмұхаммед пен Шаяхмет Қанапияновтар қола медальді жеңіп алған болатын.

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының баспасөз-қызметі

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eighteen − six =