Қазақстандық жеңіл атлетшілер көпсайыстан халықаралық турнирден жеңіспен оралды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық жеңіл атлетшілер көпсайыстан халықаралық турнирден жеңіспен оралды


Қырғызстан астанасы Бішкекте 24-28 қазан аралығында есту қабілеті төмен спортшылар арасында көпсайыстан халықаралық турнир өтті.

Аға жаттықтырушылар Максим Рожков пен Елена Пономареваның жетекшілігімен Қазақстан құрамасын 4 спортшы таныстырды: Рүстем Абаканов, Рауан Бейсебай, Андрей Набоков және Ғани Тұрғанбеков.

Рауан Бейсебай 100 метрге жүгіруден, ұзындыққа секіруден және көпсайыстан 3 алтын медальды жеңіп алды. Сондай-ақ, Андрей Набоков ядроны лақтыру бойынша, қашықтығы 12 м 35 см нәтижесін көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды.

Рүстем Абақанов ұзындыққа секіруден 1 күміс, 100 метрге жүгіруден және көпсайыстан 2 қола медальға ие болды. Сондай-ақ Рауан Бейсебай 1500 метрге жүгіруден және ядроны итеруден 2 күміс медалін жеңіп алды.

Қорытынды медаль есебі бойынша  Қазақстанда – 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль.

Айта кетейік, аталмыш турнир жыл сайын өткізіліп тұрады, оның ұйымдастырушысы «Қырғыз Республикасының есту қабілеті төмен тұғаларға арналған спорттық қозғалысы» болып табылады.

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 − 1 =