Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан қоржыны үш медальмен толықты – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан қоржыны үш медальмен толықты


Жұма күні Сурдлимпиада ойындарында қазақстандық таеквондошылар Олжас Рысжанов пен Айжамол Әбдіқатова жекелей және жұптық есепте сынға түсті.

Жекелей сында Олжас үшінші орынды жеңіп алса, Айжамал өз санатындағы үздік бес спортшының қатарына енді. Жұптық сында  спортшылармыз қола медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, сол күні үстел теннисінен қазақстандық спортшылар Бүркітбай Абылай, Искендиров Данияр, Конкубаев Қанат және Нестеров Владимир жұптық сайыстарда өнер көрсетіп, үшінші орынды жеңіп алды. Жарыста Қазақстан командасы Бразилия, Үндістан және Польшадан келген қарсыластарын жеңіп, жартылай финалда Қытай теннисшілеріне есе жіберді.

Еске сала кетсек, Бразилияның Кашиас-де-Сул қаласында 24-ші Сурдлимпиада ойындары өтіп жатыр. Аталмыш жарыста әлемнің 100 елінен келген 4 мыңнан астам спортшы қатысуда.

Ұлттық құраманың  басты серіктесі – «SportQory.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

11 + one =