Давид Дегтярев Азия және Океания чемпионатында топ жарды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Давид Дегтярев Азия және Океания чемпионатында топ жарды


Оңтүстік Кореяда пара пауэрлифтингтен өтіп жатқан Азия және Океанияның ашық чемпионатында Давид Дегтярев жеңіске жетті. Ол 54 келідегі сында 180 кг салмақты бағындырып, Қытай (176 кг) және Вьетнам (172 кг) спортшысынан асып түсті.

Давид Дегтярев – XVI жазғы  Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы,  халықаралық жарыстардың жеңімпазы және  Азия рекордшысы.

Сонымен қатар, әйелдер арасындағы бәсекеде өнер көрсеткен Гульбану Абдыхалыкова 78 кг салмақты және Фариза Толжан 85 кг салмақты бағындырып, өз салмақтарында үшінші орыннан көрінді. Ал жастар арасындағы сында Максим Тен 126 кг салмақты  және  Валерия Смирнова 52 кг салмақты бағындырып, алтын медальды еншіледі.

Еске сала кетсек, Пхентхек қаласында 15-20 маусым аралығында өтіп жатқан жарыста 22 мемлекеттен 180 астам спортшы бақ сынауда. Қазақстан сапында 18 спортшы өнер көрсетуде.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

six + 2 =