Пара жүзушілер халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара жүзушілер халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті


Тегеран қаласында (Иран) маусымның 15-18 аралығында пара жузуден халықаралық турнир өтті. Жарысқа Иран, Ирак, Тайланд және Қазақстаннан 70-ке жуық спортшы қатысты.

Қазақстан сапында өнер көрсеткен 3 спортшы 4 медальға қол жеткізді:

Роман Агалаков – 3 алтын (брасс, еркін жүзу, баттерфляй);

Сергей Кинах – алтын  (100 м брасс);

Роман Потапов –  алтын (еркін жүзу).

«Жарыс жоғарғы деңгейде өтті. Спортшыларымыз турнирде жақсы өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл жеңіс олардың талмай еңбек етіп,  бар күш жігерін салып, тер төккен дайындықтарының арқасы. Осындай қарқынмен алдыда келе жатқан жарыстарда лайықты өнер көрсету біздің басты мақсатымыз», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығыныңы команда басшысы Сұлтанбек Қаби.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

twenty − sixteen =