Пара велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтті


Щучинск қаласында 19-21 маусым аралығында пара велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.  Еліміздің 6 өңірінен келген  велошабандоздар  тандемдік жарыста  бақ сынады. Жарыс B тобындағы (көру қабілеті төмен) спортшылар арасында өтті.

Чемпионаттың  қортындысына сәйкес ерлер арасындағы  жеңімпаздар келесідей анықталды:

1 орын – Сейтжан Кенжеғұл, Сәулет Байтенов (Алматы қаласы);

2 орын – Дастан Талим, Мақсат Нұрпеисов (Алматы облысы);

3 орын – Александр Малыгин, Эльдар Файзуллин (Алматы қаласы).

«Пара велоспорттан Қазақстан чемпионаты осымен үшінші рет өткізілді. Бұл спорт елімізде қарқынды дамып келеді.  Біз биыл Канадада өтетін  әлем чемпионатына қатысу жоспарда бар. Осы байрақты бәсекеде  ел намысын лайықты қорғап, XVII жазғы Паралимпиада ойындарына жолдама алымыз деген  сенімдеміз», – деді жарыстың жеңімпазы Кенжеғұл Сейтжан.

Жарыста әйелдер арасындағы бәсекеде:

1 орын – Жұлдыз Қайнарова, Яна Переверзина (Алматы қаласы);

2 орын – Гулһая Жуашбаева, Лаура Унгарова (Нұр-Сұлтан қаласы);

3 орын – Жазира Мулкибекова, Мадина Дюйсенова (Алматы қаласы).


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × two =