Қарағанды қаласында арбадағы билеуден Қазақстан чемпионаты өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қарағанды қаласында арбадағы билеуден Қазақстан чемпионаты өтті


Қарағанды қаласында сәуірдің 2-3 аралығында пара-биден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа  еліміздің 7 өңірінен 50-ге жуық бишілер қатысты.

Жарыста мықтыларды 10 бағдарлама бойынша анықтады: еуропалық және латынамерикалық дуо, еуропалық комби, латина комби, фристайл комби, ерлер синглі, әйелдер синглі, фристайл ерлер, фристайл әйелдер және дуо фристайл.

Әр спортшы биге деген сүйіспеншілігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Жалпы, чемпионат жоғары деңгейде өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің атынан дипломдармен және медальдармен марапатталды.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

thirteen − 1 =