Қазақстандық пара спортшы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара спортшы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

26-29 наурыз аралығында Польшаның Владыславово қаласында пара үстел теннисінен ашық турнир өтті. Жарысқа 45 мемлекеттің 250-ге жуық спортшы қатысты.

Турнирде еліміздің спортшысы Али Махулбеков қола медаль жеңіп алды. Ширек финалда Али тайландтық спортшымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңді. Ал, жартылай финалда Польшаның спортшысына (0:3) есе жіберіп, үшінші орынға тұрақтады.

«2024 Польшаның ашық турнирі – Париж-2024 Паралимпиада ойындарының алдындағы рейтингтік жарыстардың бірі болып табылады. Еліміздің атынан турнирге Алтынай Ержанқызы, Талғат Ерекеев, Али Махулбеков пен Раушан Орынбаева қатысты. Али қола медальді еншіледі, ал қалғандары жарыс барысында қарсыластарын жеңіп, ұпай жинады. Қазір спортшыларымыз Париж-2024 ойындарына қатысу үшін өз рейтингтерін арттыру жолында халықаралық жарыстарға қатысып, бақ сынауда. Алдымызда Тайланда 23-25 мамыр аралығында өтетін ірі квалификациляқ турнир бар. Аталмыш жарыста бірінші орын алған спортшы Паралимпиада ойындарына жолдама алады», – деп бөлісті Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының комада басшысы Ерлан Дусмаилов.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × 1 =