Қазақстандық сурдо спортшылар таеквондодан әлем чемпионатында 14 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық сурдо спортшылар таеквондодан әлем чемпионатында 14 медаль жеңіп алды


Бішкекте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында таеквондодан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылар  жарыста 2 «алтын», 4 «күміс» және 8 «қола» медаль еншіледі.

Ерлер арасында:

1 орын – Диас Рысбеков (54 кг);

2 орын – Аян Абдраш (58 кг);

2 орын – Ансар Орлов (63 кг);

2 орын –  Руслан Ахметов (+80 кг);

3 орын – Мәди Сейсенбаев (58 кг);

3 орын – Константин Небельцов (63 кг);

3 орын – Нурдаулет Жакып (68 кг);

3 орын – Арлан Жантемир (74 кг);

3 орын – Айбар Қайратұлы (74 кг);

3 орын – Виктор Фрундин (+87 кг);

5 орын – Олжас Рысжанов (Пхумсе);

5 орын – Азамат Сансызбаев (57 кг);

5 орын – Тимур Кулесов (80 кг);

5 орын – Мадияр Карсакбаев (+87 кг).

 

Ерлер құрамасы командалық есепте 3 орын алды. Бірінші орын Оңтүстік Корея командасы жеңіп алса, екінші орынды Өзбекстан командасы еншіледі.

 

Әйелдер арасында:

1 орын – Айжамол Абдикатова (57 кг);

2 орын – Әсем Баймахан (62 кг);

3 орын – Зурлана Неупакоева (53 кг);

3 орын – Аяулым Женисбекова (53 кг);

5 орын – Виктория Протопопова (49 кг);

5 орын – Аделя Затаева (57 кг);

5 орын – Аида Макатова (67 кг);

5 орын – Молдир Мукашева (67 кг).

Айта кетсек, әлем чемпионаты 25-30 наурыз аралығында өтті. Жарысқа 20 мемлекеттен 195 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасында 22 спортшы өнер көрсетті.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × two =