Таразда пара жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Таразда пара жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды


Тараз қаласында тірек қимыл аппараты мен көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында пара жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыс 25-31 наурыз аралығында өтеді.

Чемпионатnf еліміздің 15 өңірінен 100-ге жуық спортшы өнер көрсетеді.

Жарыс штаттық құрама үшін жоспарлы болып келеді. Сондай-ақ чемпионаттың нәтижелері бойынша үздік спортшылар ұлттық құрама сапына іріктеліп,  халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

«Биыл пара спортшыларымыз үшін маңызды жыл. Алдымызда Париж-2024 Паралимпиада ойындары күтіп тұр. Бұл ретте ұлттық құрамаға еліміздің мықтыларын анықтау мақсатында ел чемпионаты өтіп жатыр. Қазіргі таңда Паралимпиада ойындарына 3 слотқа ие болдық. Бұл слоттар Паралимпиада ойындарына қатысу үшін ең төменгі квалификациялық нормативті орындаған спортшыларға беріледі. Өз кезегінде спортшылар биылғы жылдың 28 маусымында аяқталатын квалификациялық кезеңінің барлық ресми жарыстарына қатысып, әлемдік рейтингте жоғары нәтижелер көрсету арқылы Парижге жолдама алу құқығын дәлелдейтін болады. Алдағы мақсатымыз мамыр айында Сингапур мен Германия елдерінде өтетін ірі халықаралық рейтінгтік жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, жолдамаға қол жеткізу», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы Айдар Қартпаев.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eight − 1 =