Сиязбек Далиев пара жүзуден әлем чемпионатында жүлдеге ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сиязбек Далиев пара жүзуден әлем чемпионатында жүлдеге ие болды


Португалияда пара жүзуден әлем чемпионатында қазақстандық Сиязбек Далиев қола жүлдегер атанды. Ол  баттерфляймен  50 м қашықтыққа жүзудегі бәсекеде  36.72 уақытты көрсетті. Жарыста бірінші болып Бразилия, екінші болып Грекия спортшысы мәреге жетті.

Сиязбек Далиев – Азия және Еуропа чемпионы, пара жүзуден Әлем кубогының иегері, Токио-2020 Паралимпиада ойындарының үздік бестіктегіндегі спортшысы.

Айта кетсек, пара жүзуден әлем чемпионаты маусым айының 8-18 аралығында  өтуде. Жарыста 60 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысып, бақ сынауда. Чемпионаттың бірінші күнінде Нұрдаулет Жұмағали  брасс әдісімен жүзуден күміс жүлдеге ие болды.

Жарысқа спортшылар басты серіктес «SportQory» қолдауымен қатысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × 2 =