Қазақстандық атлеттер пара пауэрлифтингтен Азия және Океания чемпионатында жүлдеге ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық атлеттер пара пауэрлифтингтен Азия және Океания чемпионатында жүлдеге ие болды


Оңтүстік Кореяда пара пауэрлифтингтен  Азия және Океанияның ашық чемпионаты басталды. Жарыста 33 мемлекеттен 230 жуық спортшы бақ сынауда.

Ел намысын 19 спортшы қорғап, өнер көрсетуде. Чемпионаттың бірінші күнінде әйелдер арасындағы 45 келі салмақта сынға түскен Гүлім Құрманбаева екінші орын алса, үшінші орынды Алина Солодухина еншіледі.

Сонымен қатар, жастар арасындағы бәсекеде 41 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Айгерім Айдарқызы бірінші орын алды.

Айта кетсек, Пхентхек қаласында бұл ашық чемпионат  биылғы жылдың құрлықтық бәсекелердің бірінші ірі жарысы. Ол маусымның 15-20 аралығында өтеді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × 3 =