Сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-семинар өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-семинар өтті


Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрілігінің бағынысты ұйымдары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн семинар өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жобалық басқарудың 4-блогы  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты бойынша мәселелерді зерделеу.

Онлайн-семинарға Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының комплаенс офицері Әділхан Өмірзақов қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шарлардың тиімділігі,  міндеттері және комплаенс қызметін сапалы жүргізу мәселелері талқыланды.

Семинар соңында спикерлер қатысушылардың сауалдарына мардымды жауап беріп, алдағы уақыттада туындаған сұрақтар бойынша кездесулер өткізіліп тұратындығын жеткізді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

18 − three =