Түркістанда сурдо спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен ел біріншілігі өз мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Түркістанда сурдо спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен ел біріншілігі өз мәресіне жетті


Түркістанда 15-20 сәуір аралығында есту қабілеті зақымданған жастар арасында еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 160-қа жуық спортшы қатысты.

Чемпионаттың қортындысы бойынша грек-рим күресінен командалық есепте  келесідей жүлдегер анықталды:

U17 жасөспірімдер арасында:

1 орын – Алматы қаласы;

2 орын – Шымкент қаласы;

3 орын – Түркістан облысы.

U20 жастар арасында:

1 орын – Шымкент қаласы;

2 орын – Жетісу облысы;

3 орын – Алматы қаласы.

U23 жастар арасында:

1 орын – Шымкент қаласы;

2 орын – Жетісу облысы;

3 орын – Алматы облысы.

Еркін күрестен командалық есепте келесідей жүлдегер командалар анықталды:

U17 жастағы жасөспірімдер арасында:

1 орын – Жетісу облысы;

2 орын – Шымкент қаласы

3 орын – Алматы қаласы.

U20 жастар арасында:

1 орын – Алматы қаласы;

2 орын – Ақтөбе облысы;

3 орын – Қостанай облысы.

U23 жастар арасында:

1 орын – Жетісу облысы

2 орын – Қостанай облысы

3 орын – Жамбыл облысы.

Еске сала кетсек, 2023 жылы Бішкекте сурдалимпиадалық еркін күресінен әлем чемпионатында жас палуандарымыз 1 «алтын», 4 «күміс» және 2 «қола» медальға ие болып, командалық есепте 1-ші орынды еншіледі. Ал  жасөспірімдер арасында спортшыларымыз әлем чемпионатында 4 «алтын» және 2 «күміс» медаль жеңіп, командалық есепте 1-ші орынға ие болды. Грек-рим күресінен  жастар арасында ел спортшылары 2 «алтын», 2 «күміс» және 2 «қола» медальді еншілеп, командалық есепте 1 орынды иеленген болатын.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

sixteen + eighteen =