Жүзуден есту қабілеті зақымданған балалар және жасөспірімдер арасында  Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Жүзуден есту қабілеті зақымданған балалар және жасөспірімдер арасында  Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті


Астана қаласында 10-11 қара аралығында жүзуден есту қабілеті зақымданған балалар және жасөспірімдер арасында  Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 60-тан астам спортшы қатысты.

Чемпионатта 12 жасқа дейінгі балалар және 13-15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 16-18 жас аралықтағы жастар 9 дисциплина бойынша өнер көрсетті.

 

Жалпы командалық есеп бойынша:

1 орын – Астана қаласы (13 алтын, 14 күміс, 12 қола);

2 орын – Қарағанды облысы (13 алтын, 8 күміс, 7 қола);

3 орын – Алматы қаласы (8 алтын, 8 күміс, 7 қола);

4 орын – Жамбыл облысы (6 алтын, 5 күміс, 2 қола);

5 орын – Шымкент қаласы (6 алтын, 3 күміс, 6 қола);

6 орын – Абай облысы (3 алтын, 3 күміс);

7 орын – Атырау облысы   (3 алтын, 1 қола);

8 орын – Павлодар облысы (3 алтын);

9 орын – Ақтөбе облысы (1 алтын, 3 күміс, 4 қола);

10 орын – Қостанай облысы (3 күміс);

11 орын – Ақмола облысы (2 күміс, 2 қола).

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 − 1 =