Қазақстандық балуандар Сурдлимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық балуандар Сурдлимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді


Бразилияда Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан 24-ші жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен өткен сында, 4 қазақстандық балуан жүлделі орындарға ие болды.

Байрақты бәсекеде спортшымыз Шонку Хайратхаан 130 келіде өнер көрсетіп, финалдық кездесуде түрік спортшысы Мехмет Юсалды айқын басымдылықпен жеңіп, алтын медаль иегері атанды. Хайратхаан бұдан бұрын 2017 жылы өткен 23-ші Сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегері болған.

Өз кезегінде  97 келі салмақта  Асылжан Тажиев ирандық споршыға есе жіберіп, жарыста күміс жүлдеге ие болды. Ал, Нұржан Асан (77 кг) мен  Алдияр Балташев (60 кг) үшінші орынды жеңіп алды.

Еске сала кетсек, жазғы Сурдлимпиада ойындарында әлемнің 100 елінен келген 4 мыңнан астам спортшы қатысып, бақ сынауда. Мамырдың 1-нен басталған дүбірлі дода 15-ші мамырда мәресіне жетпек.

Ұлттық құраманың  басты серіктесі – «SportQory.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × 1 =